Жоғалған шымкенттік Тараз қаласынан табылды

Жоғалған шымкенттік Тараз қаласынан табылды

Жоғалған шымкенттік Тараз қаласынан табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

25 сәуір күні сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Азаматша өзінің арызында туған бауырының өз автокөлігімен үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Тәртіп сақшылары жоғалған азаматты тез арада табу мақсатында көруі немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде жоғалған жігіт Тараз қаласынан табылып, аман-есен отбасымен қауышты.