Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді.

Қылмыстық топ жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық экономикалық тергеу басқармасының мәліметі бойынша, ведомство іс жүзінде жұмыс жасамай шот-фактуралар шығарумен айналысқан деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

«Заңсыз қызмет бақыланатын 17 жалған кәсіпорынның атынан жүзеге асырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 миллиардтан астам теңге көлемінде шығын келтірілді», - деді департаменттің жедел уәкілі Максим Зенгер.

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен ұйымдастырушы мен қатысушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.