Пасха мерекесінің қасиетті алауы Қазақстанға жеткізілді

Пасха мерекесінің қасиетті алауы Қазақстанға жеткізілді

Отты жағу рәсімі Иерусалимдегі ғибадатханада өткен болатын.

Чартерлі рейспен Нұр-Сұлтан және Ақтау қалалары арқылы жеткізілген алауды Алматы халықаралық әуежайында дін өкілдері мен қала тұрғындары қарсы алды. Әрі қарай қасиетті алау еліміздің оңтүстік өңірлеріне жеткізіледі. Бүгін Алматыдағы Софийский шіркеуінде Пасха рәсімдері өтеді.

Игорь Светличный, протоиерей:

– Шын мәнінде қазір Израильде өз азаматтары үшін қатаң карантиндік шектеулер жоқ. Алайда шетелдік азаматтарды олар қабылдамайды. Сондықтан әр елден тек бір адамды ғана ғибадатханаға кіргізіп, сыйыну рәсімдері жасалды. Содан кейін қасиетті алауды алып, елімізге жеткіздік.