Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Пасха мерекесімен құттықтады.

«Бұл күн – діни наным-сеніміне қарамастан барша қазақстандық үшін маңызды әрі салтанатты мереке. Өйткені Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздегі ұлттардың басқа да діни мейрамдарды құрметпен атап өтуі игі дәстүрге айналды. Елімізде салтанат құрған татулық пен рухани келісім – бәріміздің баға жетпес байлығымыз!», – деді Елбасы.