Шымкентте мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды

Шымкентте мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды

Еліміздің әр аймағында жалғасқан игі шара Шымкент қаласында да өз жалғасын тапты.

Еріктілерден құралған белсенді топ жүздеген отбасына көмек барын айтады. Әр 100 келілік сәлемдемеде көкөністер, жарма өнімдері мен консервілер, картоп пен ұн сияқты ең қажетті деген ас-ауқат бар.

Аталған көмек соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасына, асыраушысынан айрылған жанұяға таратылады.

Умида Түсіпбекова, ерікті:

- Біздің волонтерлер қозғалысында баланста 600-ден астам отбасы бар. Қазір бізде біріккен база бар. Сол базаның ішінен таңдап, сол отбасыларға көмек көрсетіледі. Бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға көрсетіледі. Әрі қарай ардагерлерге, мұқтаж болған отбасыларға таратылады.