Саяси партиялар әкімнің лауазымына үміткер ұсына алады

Саяси партиялар әкімнің лауазымына үміткер ұсына алады

Елімізде аудандық маңызы бар қала, ауыл және кент әкімдерінің өкілеттігін тоқтату тәртібі енгізіледі және бұл қызметке саяси партиялар да үміткер ұсына алады.

Мұндай өзгеріс бүгін Мәжілісте мақұлданған сайлау туралы заң жобасына енгізілген. Құжат Мемлекет басшысының ауыл және аудан әкімдерін сайлау жөніндегі бастамасы шеңберінде әзірленді. Оның аясында саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр. Бұдан былай, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін аттестаттау, ротация жүргізу алынып тасталады. Заң жобасын талқылау кезінде құқықтық кемшіліктер жойылып, басқа да заңнамалық актілерге сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар Президент бастамасымен елде өтетін саяси додалардағы бюллетеньге «бәріне қарсымын» жазуы енгізіліп, сайлауға қатысатын партиялардың дауыс жинау шегі төмендетіледі.