Теміржолдарды жөндеуге байланысты пойыздар қозғалысының кестесі өзгереді

Теміржолдарды жөндеуге байланысты пойыздар қозғалысының кестесі өзгереді

Қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жол жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарына байланысты белгілі бір учаскеде пойыздар жылдамдығы кестеде қарастырылған жылдамдыққа қатысты шектелуі мүмкін.

Бүгінгі таңда 84,7 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді. 14,6 км жол күшейтілген орташа жөндеуден өтті. 34,5 км рельс тіреуін және 4 км жолтабанды жаппай ауыстыру жүргізілді. Жұмысты орындау кезінде ауыр типтегі жоғары өнімді машиналар: Duomatic түзету және қағу машинасы, DGS жол тұрақтандырғышы, RM қиыршық тасты тазарту машинасы және басқалары қолданылады.

2021 жылы барлығы 580 км астам теміржол күрделі жөндеуден өткізіледі. Ең көп жұмыс көлемі Қарағанды, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелерінің учаскелерінде жоспарланған.

Инфрақұрылымды жаңғырту қозғалыс қауіпсіздігін, жолаушылар мен жүк пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі