Елордада 880 азамат үй карантинін бұзған

Елордада бір ай ішінде 880 азамат үй карантинін бұзған.

Бұл «Ashyq» қосымшасы арқылы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықталғандай, вирус жұқтырғандар және індет жұқтырушылармен байланыста болғандар қоғамдық орындарға барғысы келген. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда бас шаһарда жұқпалы аурудың 2 мыңнан астам ошағы бар. Эпидахуал тұрақсыз. Қалада тәулігіне 250-450 адамға дейін вирус жұқтырып жатыр. Бірақ соңғы 12 күн ішінде қарқын біршама бәсеңдеді. Десек те, ауруханалардағы жатын орындар 61 процентке толы. Стационарларда 1 мың 356 науқас ем қабылдап жатыр.