Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,8%-ке қымбаттады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,8%-ке қымбаттады

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,8%-ке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл өсім пандемиядан бір жыл бұрын тіркелген мерзімдегі көрсеткіштен төмен. 2019 жылы баға өсімі 5,5%-ті құраған еді. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. Әсіресе, Атырау, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында бағаның өскені қатты байқалады. Бұған қант, қарақұмық сынды импортқа тәуелді азық бағасының қымбаттауы себеп. Сонымен қатар экспорттық сұранысқа ие тауарлар мен маусымаралық кезеңдегі көкөніс бағасының шарықтауы да ықпалын тигізген. Бақыт Сұлтановтың мәліметі бойынша бағаны тұрақтандыру үшін елде 57 мың тоннадан астам азық-түлік қоры қалыптасты. Жұмыртқа мен күнбағыс майына шекті баға енгізілді. Сондай-ақ монополияға қарсы әрекет ету шаралары қолға алынды.