Риддер қаласындағы өрт толықтай сөндірілді – ТЖМ

12 мамырда сағат 14:30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда (өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га – орман аймағы) ауыздықталды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде сағат 13:55-те орманға жайылған өрттен туындаған болатын. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған.

Өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған. Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды. Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі