Ashyq: елорда әуежайында ковидпен ауырып тұрған екі адам анықталды

Ashyq: елорда әуежайында ковидпен ауырып тұрған екі адам анықталды

Екі жолаушының коронавирус жұқтырғаны «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы белгілі болды. Елорда әуежайында QR-кодты сканерлеу кезінде олардың денсаулық белгісі қызыл түсті көрсеткен.

Тағы 4 адамның індетті жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Өйткені статустың сары түсі жанды. Вирус тарату қауіптілігі жоғары деп танылғандар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауға алынды. Кейін дәрігерлер келді. Қазір олар ауруханада.

«Ашық» қосымшасы халықаралық әуежайда таяуда ғана іске қосылған. Енді ғимарат ішіне тек жасыл статуспен кіруге рұқсат. Қосымшадағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің базасындағы деректерге негізделген.