Биыл елордада 1 млн жасыл желек егіледі

Елордада жыл соңына дейін сенбілік ұйымдастырылып отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Таза әлем» жобасы аясындағы шарада жастар қоқыс жинайды. Жалпы ел астанасында биыл 1 миллиондай жасыл желек егу жоспарланған. Бүгін елу ағаш егілді. Бас шаһардың тұрғындары өз ауласында да ағаш егіп, арнайы челленджге үлес қоса алады.

Аян Ерментаев, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

- Күні кеше басталған жаңа челлендж бар. «Өз ағашыңды отырғыз» деген. Яғни, кез келген адам болсын өзінің атауы берілген өзінің ағашын отырғызу арқылы челленджді қолдаса деген ойдамыз. Кез келген адам өзінің тұратын тұрғылықты ауласында немесе өзінің жеке үйінде болсын ағашты отырғызу мүмкіндігі бар. Әкімдіктің берген ақпараты бойынша миллилонға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланған. Ол жерде тек ағаш емес, одан бөлек аласа бойлы гүлдер сияқты миллионға жуық желек отырғызу ойда бар. Осы жылдың соңына дейін.

Экологиялық акция бүгін ел аумағында да өтті. Ауқымды экосенбілік аясында волонтерлер қала ішін ғана емес, көлдер маңын да тазалады. Мәселен елордадағы Кіші Талдыкөлдің айналасын 20 шақты жас қоқыстан тазалап шықты. «Киелі табиғат» экологиялық акциясы сәуірдің соңында басталған еді.

Ақнұр Тұрдалиева, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:

- Жалпы бүгінгі акцияда 20-дан астам волонтер көмектесуде. Жалпы маңыздылығы шараның бұл көлде 65-тен аса құстардың түрі өмір сүреді. Өкінішке орай ластанудың кесірінен 12 құстың түрі қызыл кітапқа енген. Біздің мақсатымыз – бұл көлдің экосистемасын сақтап қалу және қорғау болып табылады.