Аида Балаеваның анасы қайтыс болды

Аида Балаеваның анасы қайтыс болды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова өмірден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Раиса Рахымжанқызы 69 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы министр Аида Ғалымқызы Балаеваның анасы, білім беру саласына еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз Жыланкөзова Раиса Рахымжанқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады», – делінген хабарламада.