425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда БҰҰ-ның штабтық офицерлерін даярлау бойынша халықаралық курс өтуде

  • 137
  • UPD: 10:45, 19.05.2021
Алматыда БҰҰ-ның штабтық офицерлерін даярлау бойынша халықаралық курс өтуде

Алматыдағы Қазақстан Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік даярлық орталығында «БҰҰ-ның штабтық офицерлері» (United Nations Staff Officer Course) атты екі апталық халықаралық курс басталды. Оған 25 тыңдаушы қатысуда.

Аталған курстың мақсаты ретінде БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысатын штабтық офицерлерді даярлау болып табылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзінде Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі халықаралық күш-жігер мен болашақ бітімгерлерді даярлау процесіне қаншалықты мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол коронавирус пандемиясымен жаһандық күреске байланысты барлық шектеулерге қарамастан, қазақстандық тарап барлық талаптарды ескере отырып, өз аумағында осы курсты халықаралық деңгейде өткізуді ұйымдастыра алғанын атап өтті.

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілерінен басқа мұнда Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сонымен бірге Ұлыбританияның, Испанияның, Қырғызстан мен Мозамбиктің тыңдаушылары оқиды.

Оқу барысында олар БҰҰ-ның құрылымын, қағидалары мен процедураларын, бітімгерлік қызметті қадағалайтын құқықтық аясы, шешімдерді жоспарлау мен қабылдау үдерістерін, бөлімдер мен бітімгерлерде халықаралық штаб қызметтерінің міндеттерін үйренеді. Бағдарламада үлгілік жағдайлар сценарийі бойынша кіші топтарда тәжірибе жұмысы қарастырылған.

Курсты бітірген қатысушылар штабтық офицер ретінде білім алғанын растайтын халықаралық сертификаттар алады.

Хабар 24 телеарнасы