Мемлекет басшысы Душанбедегі Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Душанбедегі Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары аясында тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-шара «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде өтті. Бұдан кейін «Наурыз» сарайында Қазақстан Президентінің құрметіне Тәжікстан Президентінің атынан ресми қабылдау өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары аясында тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты».