Алакөл туристерді қабылдауға қаншалықты дайын

Алакөл туристерді қабылдауға қаншалықты дайын

Шығыс Қазақстан облысында демалыс базалары туристерді «Ашық» қосымшасының көмегімен қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар бұл саладағы кәсіпкерлердің қолында демалыс нысанының санитарлық-эпидемологиялық нормаларға сәйкестігі жайлы акт болуы тиіс. Биылғы туристік маусымның ең басты талаптары осылар. Әзірге қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Алакөлде арнайы комиссия болып, санитарлық тазалықтың сақталуын қадағаланды.

Айта кетейік, қазір Өскемен-Алматы тас жолы жөнделіп жатыр, оның үстіне Үржардағы әуежай да жөндеуден өткізілуде. Олардың барлығы келесі жылы аяқталады. Әуежай халықаралық стандартқа сай жұмыс істеп, түнде де рейстер қабылдайды. Ал әзірге тікұшақ байланысының жоқтығын пойыз бен автобустар толықтырады.

Былтыр Алакөл жағасында ресми түрде 140 мың адам демалған.

Марат Қабақов, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы:

– Пойыз вагондарының саны көбейтілді, Өскемен мен Семейден шығатын пойыздардың, сонымен қоса Нұр-Сұлтаннан Алматыдан шығатын пойыздар саны көбейтілді. Алматыдан қосымша тағы бір пойыз жіберілетін болды. Автобустар саны екі есе көбейтілді, яғни күніне 6 бағыт бойынша бір рет жүрген болса, енді екі рет жүретін болады.