Ақтауда тұрғын үйдің қаптамасы тағы құлады

Ақтауда тұрғын үйдің қаптамасы тағы құлады

Осыдан 3 күн бұрын 30-шағынаудандағы 169-үйдің қабырғасының бір бөлігі сыпырылып түскен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тағы бір беті жарылып тұр. Газ құбыры ажыратылып, пәтерлердің салқындатқыш құралдары бекіткіден босап кеткен. Тұрғындар 10 жыл бұрын пайдалануға берілген үйге сапасыз құрылыс материалдары қолданылған дейді. Енді балаларын далаға шығаруға қорқып отыр. Әкімдікте осы жағдайға қатысты жиын өтіп, үйді жөндеу жөнінде шешім қабылданды. Қаражат жергілікті қазынадан бөлінеді.

Мұхтар Ниязов, қала тұрғыны:

– Қалада айдың күннің аманында осындай жағдай болмау керек. Қаншама рет құлатпаймын деп жамағанмен, бәрібір құлайды. Үйдің сыртын түсіріп, басқасын жасау керек. Адам шығынының алдын алып, тезірек бастауын сұраймыз. 3 күн болды, газ жоқ. Кеше тағы құлағасын өшіріп тастады. Алдымызда аялдама тұр. 30-шағынауданның аялдамасы. Автобустан түскен халық осы үйдің қапталымен жүреді.

Марат Нұрасов, қала тұрғыны:

– Мектепке дайындық орталығының ашылғанына 3 айдай болып қалды. Үйімді асырап отырған бизнесім. Күнде ата-аналар шағымданады. Жібермейміз дейді. Бизнесім тоқтап қалайын деп тұр.