Теміртауда қылмыстық топ 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Теміртауда қылмыстық топ 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған
Zanmedia.kz

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мүшелері үш жыл ішінде 2 млрд теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Алты адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Теміртау қ. жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы адал емес салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатымен қызмет еткен.

Осы мақсатта заңсыз қызметке тартылды ҰҚТ бақылауындағы 8 жалған фирма тартылды.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынды.