300 мың теңге мен импорттық әтір: Ақтау тұрғыны судьяға сәлемдеме бермек болған

Ақтауда белгісіз әйел Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі арқылы судьяға сәлемдеме беруді өтінген, хабарлайды «Хабар 24».

Қолындағы оралған затты табыс еткен соң ғимараттан шығып кеткен. Дереу тәртіп сақшылары шақырылып, тексеру барысында 300 мың теңге мен импорттық әтір табылды. Осы оқиға бойынша тергеу басталды.