Павлодар облысында шыбын-шіркейден үй құстары қырылып жатыр

Ертіс өңірінде шыбын-шіркейдің көбейгені сонша, үй құстары қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қансорғышпен күрес шаралары нәтижие бермеді. Тұрғындар «сыртқа шығудан қалдық» деп шағымдануда. Ауылдардағы жағдай тіпті қиындады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл зарарсыздандыру жұмыстарымен «Қазақсельмаш» мердігер компаниясы айналысып жатыр. Үш жыл мерзімге белгіленген жұмысқа 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Өңдеу ісі Ертіс өзенін бойлай 1130 шақырымдай жерді қамтуы тиіс еді. Бірақ қыруар қаржыға атқарылып жатқан жұмыстың сапасы көңіл көншітпейді.

Алёна Лактионова, Павлодар ауылының тұрғыны:

– Бізді шіркейлер жеп жатыр. Үй құстары өліп қалды. Түнде далаға шығу мүмкін емес. Иттер түні бойы ұлып шығады. Маса-шіркей балаларды талап тастады. Мұндай жағдайда өмір сүру өте қиын. Бұрын бұлай болған емес.

Амангелді Бекмағамбетов, Павлодар ауылы әкімінің орынбасары:

– Шыбын-шіркеймен жұмыстар жүріп жатыр. Тапсырыс беруші – облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасы. Мердігерлер – «Қазақсельмаш». Жұмыстар жоспарлы түрде жүріп жатыр. Бізде осы ауылда 4 рет өңдеу өткізілді. Ертіс жағаларында жүрді, сосын көшелерде термоөңдеумен жүріп отырды.