Елордалық азамат полицияға жалған шағым түсірген

Елордалық азамат полицияға жалған шағым түсірген

Елордада зат тасушы қызметкер өзіне қарсы қылмыс жасалғанын айтып, полицияға хабарласты.

Тәртіп сақшылары көмек көрсетуге қанша тырысқанымен, кінәлі тұлғаларды таба алмады. Себебі зат тасушы әрі жүргізуші болып жұмыс істейтін ол мекемеге тиесілі 5 млн теңгені әуелі үйіне жасырып, сосын полицияға сол қаржының қолды болғанын айтып, шағым түсірген. Тәртіп сақшыларын барынша сендіру үшін өзіне-өзі қол жұмсап, дене жарақатын да салған. Алайда, айласы іске аспай қалды. Бейнебақылау камералары арқылы оған қарсы еш қылмыс жасалмағаны дәлелденді. Ал қаржы үйінен табылды.

Дмитрий Демидов, қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының басшысы:

– Ол қылмысын толық мойындады. Ұрлық жасап, артынша өзіне-өзі қалай қол салғанын да айтып берді. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша жауапкершілікке тарту амалы қарастырылып жатыр.