Елімізде жер учаскесін сатып алу процесі жетілдіріледі

Елімізде жер учаскесін сатып алу процесі жетілдіріледі

Яғни белгілі бір аумақтағы трансформаторлардың қуат күші, жылу және газ құбырларының салынғандығы, су және коммуникациялық желінің ұзындығы сынды ақпарат арнайы геопорталға енгізілмек.

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кәсіпкерлер форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады. Жалпы жерді сатып алу үшін қазақстандықтар кемінде 2-3 ай жүреді. Түйткілдің түйіні учаскенің техникалық сипаттамасын анықтауда жатыр. Бағдат Мусиннің айтуынша, ол мемлекеттік қызмет түріне жатпайды. Сондықтан тиісті жұмысты жүргізуде біраз қиындық туындайды. Осылайша жер қатынасын реттеуде нақты жүйенің жоқтығы, қағазбастылық пен адами факторлардың нәтижесінде бармақ асты, көз қысты әрекеттердің болуына итермелейді.