425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбеде қариялар орталығы ашылды

  • 310
  • UPD: 10:19, 05.06.2021
Ақтөбеде қариялар орталығы ашылды

Зейнеткерлерге арналған мекемеде белсенді өмір сүру салтын дәріптейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы бағдарлама да жасалған. Гимнастика мен йога, емдік массаж бен түрлі жаттығулар кестесі құрылған. Сондай-ақ колөнер түрлерін игеріп, компьютер тілімен танысуға мүмкіндік бар. Ниет еткендер қазақша және ағылшынша сауат ашуына да болады. Дегенмен, бірінші кезекте егде жасқа жеткен жандар бас қосып, көңіл аулайтын таптырмас орын. Мемлекет есебінен қаржыландырылатын орталықта барлық қызмет түрі тегін. Облыс орталығында ашылған қос орталыққа бюджеттен 53 миллион теңге бөлініп отыр.

Гүлжан Ережепова, зейнеткер:

- Осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Себебі мысалы біздер шамалы салмағымызды тастадық, жолдасымның буындарының ауырғаны кішкене қойды. Мен өзім де осында баруға асығып тұрамыз. Себебі таңертең тұрғаннан бастап емдік жаттығуларға келеміз ғой. Содан кейін мына Қарғалы өзенін бойлап, скандинав жүрісіне барамыз. Таза ауамен демалып, өзеннің бойында көптеген жаттығулар жасап келеміз. Мұның бәрі біздер үшін өте пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы