Алматыдан 372 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 372 шақырым қашықтықта жер сілкінді
1lurer.am

6 маусым күні ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінде Алматы уақытымен 10 сағат 6 минутта жер сілкінісінің тіркелгендігін хабарлады.


Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 372 шақырым жерде Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.0.

Тербелісі – 4.1.

Магнитудасы: 4,1

Тереңдігі: 10 шақырым

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.