Елордадағы әуежайда «Авиаторлар аллеясы» ашылды

Елордадағы әуежайда «Авиаторлар аллеясы» ашылды
oldboy.icnet.ru

Бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы NQZ жаңа кодын алды. Осы датаның құрметіне «Авиаторлар аллеясының» ашылуы өтті.

ҚР ИИДМ мәліметінше, жаңа атаумен жүргізілген жұмыс қорытындысына сәйкес, авиация ардагерлері, авиакомпаниялардың өкілдері, кеден және шекара қызметкерлері «Авиаторлар аллеясына» көшет отырғызуға қатысты. Бұл шара жыл сайынғы дәстүрге айналады деп жоспарлануда.

«Өткен жыл әуежай үшін күрделі болды. COVID-19 пандемиясының салдары мен коронавирус кезіндегі халықаралық жолаушылар ағынының апатты төмендеуі әсерінен жүк және транзиттік рейстерге бағдарлау жүзеге асырылды, қысқартуларға жол берілмеді және барлық өндірістік персонал сақталды. Сонымен қатар жолаушылар мен персоналдарды коронавирустық инфекциясынан сақтау үшін карантин шараларын күшейтіп, көптеген жұмыстар жасалды. Карантин кезінде әуежай шет елдерден қайырымдылық көмек алуға арналған жүк орталығы болды», – делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында елорданың айлағын 2035 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиясы жасалды. Құжатқа сәйкес мультимодальді жүк тасымалы, электронды коммерция қызметтер орталығы мен еркін сауда аймағын құру жоспарланған. Жолаушылар ағыны мен рейстердің артуы, маршруттық желінің кеңеюі және транзиттік трафиктің дамуы күтілуде. Оқу орталығын дамытуға, білікті авиация кадрларын даярлауға, сондай-ақ авиакомпаниялар мен жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға көп көңіл бөлінеді.