Шуда кең ауқымды «Қарасора-2021» операциясы басталды

Шуда кең ауқымды «Қарасора-2021» операциясы басталды

Жамбыл облысының Шу қаласында «Қарасора-2021» кең ауқымды операциясының ресми ашылуы өтті. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының қатысуымен облыстық полиция департаменттерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің бастықтарымен, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен нұсқаулық кеңес өткізді.

Кеңес барысында Т.Маткенов «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің мақсаттарын белгілеп, елдің оңтүстік өңірлерінен каннабис тобының есірткілерін дайындаумен және әкетумен айналысатын адамдарды анықтау, героин трафигі арналарының жолын кесу, сондай-ақ синтетикалық есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін, есірткі зертханаларын жою бойынша нақты міндеттерді анықтады.

Бұл операцияның ашылу орыны болып, Жамбыл облысының Шу қ. таңдалғаны кездейсоқ емес. Тәжірибе көрсеткендей, өткен жылы Шудан шыққан каннабис тобының есірткілері елдің барлық аймақтарынан дерлік алынған.

Жамбыл және Қызылорда облыстарының полиция департаменттерінде каннабисті тасымалдауы барысында пайдалануы мүмкін жергілікті жерлерді, ауылдық жолдарды есекер отырып,  патрульдеу  бағыттары әзірленді.

Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру орындарын анықтау мақсатында ІІМ мен Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін, күштер мен құралдарды тарта отырып, Қызылорда облысы мен оған  шекаралас аумақтарда әуе барлауы  жүзеге асырылады.

Соңғы бірнеше жыл ішінде елдің оңтүстік аймақтарында ұйымдасқан қылмыстық топтардың тетрагидроканнабинолдың көп мөлшері бар марихуана жасалған «Үнді қарасора» өсіруді жолға қою әрекеттері тұрақты түрде анықталып, тоқтатылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Қарасора» кең ауқымды операциясы жыл сайын маусым мен қазан аралығында қарасора өсетін кезде өткізіледі.

2020 жылы операция нәтижесінде 830 қылмыс анықталды, оның ішінде (383 есірткі сату және 162 сақтау фактілері), 233 қарасора өсіру.

Түркістан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында жалпы көлемі 260 гектардан астам 62 плантация жойылды. Салмағы 20 тоннадан асатын 53 мың түп қарасора алынып жойылды.

Негізгі бөлігі Қызылорда облысына тиесілі, онда 48 плантация жойылып, 14 тоннадан астам құрамында есірткі бар өсімдіктер тәркіленді.

Мәселен, Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекарасында тікұшақпен ұшу кезінде Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды, олар «Тойота Land Cruiser» көліктерінде жасырынуға тырысып, атыс қаруын қолдана отырып қарсылық танытты. Оқиға орнында табылған сора, бассейн және агротехника табылды.

Осы кеңесте полиция департаменттерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшелерінің ағымдағы жылдың 5 айындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылды, онда ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы Т.Маткенов аумақтық қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне баға берді және алдағы кезеңге бірқатар тапсырмалар берді.

Бұдан кейін Нұсқаулық кеңеске қатысушылар Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан «Дельта-Долина» арнайы бөлімшесінің материалдық-техникалық жабдықтарымен (арнайы техникамен және өтімділігі жоғары автомобильдермен) танысты. Осы бағытта тәжірибе алмасты. Сондай-ақ оларға кинологиялық қызметтердің көрсетілім номерлері көрсетілді.