Ұлттық фильмдер прокатынан түсетін табыс бір жылда 2 есеге азайды

Пандемия салдарынан киносеанстар бір жылда 2 есеге, ал келушілер саны 4 есеге кеміді.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алданғарқызы айтты. Өткен жылы кинотеатрлар 6 миллиард теңгеге жуық пайда тапқан. Оның жартысына жуығы Алматы қаласына тиесілі. Бір миллиардтан астамы Нұр-Сұлтанның үлесі. Мәселен, шетел фильмдерін көрсетуден түскен табыс 3,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 5 есеге аз. Ал Ұлттық фильмдерді көрсетуден түскен табыс бір жылда 2 есеге азайды. 

Әсем Алданғарқызы, Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы:

- 2020 жылғы мәлімет бойынша елімізде  99 кинотеатр тіркелген. Оның 26-сы Алматы, 10-ы Қарағанды, ал тоғызы Қарағанды қаласында. Жалпы 2020 жылы 292 мыңнан астам кино көрсетілген. 50 мыңнан астамы балаларға арналған кино. 2019 жылмен салыстырғанда 5 есеге азайған.