Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайтын болды

Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайтын болды
фото: informburo.kz

Алматыдан Алакөлге жүретін қосымша пойыз қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері жазғы кезеңде сұраныстың артуына байланысты «Алматы-2 – Достық» қосымша пойызы іске қосылатынын хабарлады. Ол аптасына 2 рет жүреді:

Алматы-2 станциясынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;

Достық стансасынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/жөнелтілуімен;

Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері.