Семейлік жүргізушілер қайтадан ереуілге шықты

Семейлік жүргізушілер тағы да ереуіл ұйымдастырды. Бүгін таңертең қоғамдық көліктер қала көшелеріне шықпай қойды. Сондықтан жергілікті тұрғындар такси іздеп, ақшасы жоқтары жаяу жүруге мәжбүр болды. Автобус жүргізушілері әкімдіктен тасымалдаушыға уәде еткен мемлекеттік субсидияны шұғыл түрде төлеуді талап етті.

«Бұл жұмысшыларға зейнетақы жарнасын аудару үшін жұмсалатын қаржы», - дейді ереуілшілер.

Жасыл автобус жүргізушілерінің бұл жолғы ереуілі аптаның ортасымен тұспа-тұс келді. Мұндағы мақсат – өздерінің көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілдеріне қоғам назарын аудару. Өйткені жергілікті әкімдік автопаркті 170 автобус сатып алуға алған несиесін өтемегені үшін банкрот деп жариялаған еді. Дегенмен, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын бұған қарамастан өз жұмысын жалғастыра берді. «Сонда да кедергі көп», - дейді ереуілшілер.  

-  Именно когда приходит время выплаты заработной платы, почему-то чудесным образом акимат, или кто там, наши счета арестовывают. Для чего делается и кем, я точно не знаю, но это делается для того, чтобы мы со своим руководством были в штыки, ругались с ними. Мы свою часть договора исполняем, где субсидии? Опять сказки. 

Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар субсидия бөлінуін және зейнетақы жарнасының аударылуын талап етіп, жұмысқа шықпай қойды. Ал оның кесірі қарапайым қала тұрғындарына тиіп жатыр. 

БЛИЦ:

- Мінеки бағанадан бері жарты сағаттан артық остановкада тұрдық Нахаловкада. 9-автобус келіп, әйтеуір отырдық. Бірақ ол автобус жеткеннен кейін мына жерде де автобустар, халықтың бәрі шулап жатыр. Автобустар жүрмей жатыр - мұның себебі неде деп. Ана бір жасыл автобустар жүрді, оларды алып тастапты. Енді кішкене автобустар, бұрынғы автобустар жүріп жатыр. Оның өзі аз, кейбіреуі тоқтап қалады.

- Не такси алмайды. Такси деген мың теңге сұрайды. Жол жағын шешсе болар еді сол, автобус жағын. Соны айтамын, соны сұраймыз енді.

Бақытжан Баяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

- Сіздер жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарда келісім-шарт негізінде жұмыс істейсіздер. Сол құжат бойынша оларды сотқа берулеріңізге болады. Өз тараптарыңыздан мұның бірі де жасалмады. Сондықтан мен ешқандай да кедергі көріп тұрған жоқпын. Автобустарды тоқтатып тастағандарыңыз дұрыс емес.

Бір ғана «Semey Bus» кәсіпорнының қордаланып қалған қарызы 120 миллион теңгеге жеткенін де айта кетейік.

Ардақ Айбарұлы, Әсем Өтешева, Медет Өмірханов