«Сергек» жүйесіне бөлінген қаржы толық игерілмеген

«Сергек» жүйесіне бөлінген қаржы толық игерілмеген

Бүгін Сенатта Ішкі істер министрлігі де сынның астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала жетекшілері ақпараттық саланы дамытуға бөлінген қаржының жартысын игермей қойған. Салдарынан электронды үкімет порталының қызметі шектелді. Бар мәселе Ішкі істер министрлігінің «Сергек» жүйесінен шығып отыр. Жолдағы тәртіпті қадағалайтын бейнебақылау камералары уақытылы жаңартылмаған. Соған бөлінуі тиіс қаражат үнемделіп, тіпті мүлде игерілмей қалыпты. Жалпы 2020 жылы ведомствоның ақпараттық жүйелеріне 6 млрд теңге бөлінсе, соның тек 50%-і тиісті мақсаттарға жұмсалған.