Қазақстандық онколог беделді сыйлықпен марапатталды

Қазақстандық онколог Диляра Қайдарова Ресейдің дәрігерлерге арналған «Призвание» атты басты сыйлығын иеленді.

Марапаттау рәсімі Мәскеуде өтті. Онколог онко-ұрықтылық бағдарламасы бойынша жеткен жетістіктері үшін марапатталды. Бұл біздің және ресейлік ғалымдардың бірлескен жобасы. «Призвание» сыйлығы ғылыми жаңалықтар ашқан, сондай-ақ емдеу және диагностикада жаңа озық әдістер жасаған дәрігерлерге табысталады.

Диляра Қайдарова, онколог, ҚР ҰҒА академигі:

– Бізде Қазақстанда 50-ден астам бала осы жаңа технологиялардың көмегімен туды. Ал мына номинация ракпен ауырған аналардың бала тууға мүмкіндігі бар кезде медицинада жаңа бағыт қалыптастырғанымыз үшін табысталды.