424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі тасымалдамақ болғандар ұсталды

  • 149
  • UPD: 17:22, 18.06.2021
Маңғыстау облысында Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі тасымалдамақ болғандар ұсталды Интерфакс

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Иран Республикасынан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабандасын іске асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Тергеу барысында Ақтау қ. «Морпорт» кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды.

Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған.

Тәркіленген темекінің кедендік құны – 1,7 млрд астам теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар 4,8 млрд астам теңгені құрады.

Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды.

Хабар 24 телеарнасы