Синоптиктер: Биыл елімізде құрғақшылық болуы мүмкін

Ай соңына дейін елдің бірқатар аймағында құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, екі өңірде қуаңшылықтың жоғары деңгейі байқалуы ықтимал. Олар Қостанай облысының Амангелді ауданы және Шығыс Қазақстанның Абай ауданы. Сондай-ақ синоптиктердің болжауы бойынша Ақтөбе, Ақмола және Маңғыстау облыстарында жауын-шашынсыз аптап ыстық болады.