Атырауда бала күнгі арманы алдамаған жан медицинаға сүбелі үлес қосып келеді

Қауіпті індет елді дүрбелеңге салған уақытта атқа қонған ақ халатты дәрігерлердің еңбегі ерен. Өз өмірлерін қатерге тігіп, өзге үшін жан аяған емес. Пандемия кезінде бірнеше медицина қызметкері көз жұмды. Жедел жәрдемнің де жұмысы қиындады. 

Азамат Ерболов осыдан 1 айға жуық уақыт бұрын жедел жәрдем станциясының басшысы қызметіне тағайындалды. Алғаш еңбек жолын 2009 жылы бастаған дәрігер медицина саласында түрлі қызмет атқарды. Былтыр қауіпті індет өршіген тұста адам жанын арашалауға білек сыбана кірісті. Бала күнгі арманы алдамаған ақ халатты жан қазір медицина саласына сүбелі үлес қосып келеді.

Азамат Ерболов, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының директоры:

- Ең бірінші науқасқа баратын жедел жәрдем бригадасы болып есептеледі. Жедел жәрдем бригадасы күніне 900-800-дей вызов жасайды облыс бойынша. Медицина қызметкері болу бала күнгі арманым. Сол бала күнгі арманым іске асып, орындалып жатыр деген ойдамын. Әрі қарай да медицина қызметкері болып жұмысымды жалғастырамын.

Қауіпті індет жағадан алған тұста жедел жәрдемге айтарлықтай жүк түсті. Қазір жағдай қалыпқа келіп, шақыртулар саны азайған. Басшылық қызметке жақында кіріскен Ербол Әлитұрлыұлы да ұжымның қошеметіне бөленіп үлгіріпті.

Наргиз Баймолдаева, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары:

- Ербол Азаматпен жұмыс жасап жатқанымызға 1 айдай болып жатыр. Ұжыммен бірге жасап, команда ретінде жұмыс бастап жатырмыз. Алда жоспарларымыз көп. Тек жақсы жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Барша әріптестерімізді, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз. Дендері сау болсын. Ауырмасын ешқашан. Отбасылары аман болсын. Жұмыста беделді болып, жетістіктерге жете берейік.

Жедел жәрдем қызметін жандандыру мақсатында жаңа көліктер алынған. Қажетті құрал-жабдықтар да пайдалануға беріліп жатыр. Басы ауырып, балтыры сыздаған жанның қасынан жедел табылатын ақ халатты дәрігерлерге елдің айтар алғысы мол. 

Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин