Ақтөбеде біреудің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

Ақтөбеде біреудің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

Ақтөбелік полицейлер BMW-320 көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті көлікті ашық қолжетімділіктің көмегімен іске қосып, оны айдап әкеткен, яғни көлік ашық, ал кілті оталдыру тетігінде болған. Ұрлау процесі бейнекамераға жазылған.

Полиция тергеу нәтижесінде қаланың 30 жастағы тұрғынын ұстады. Айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған азаматтың облыс аумағында ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті автокөлік иелерінен аз уақытқа кетіп қалса да, көліктерін жауып жүруді сұрайды.