QazVak вакцинасы құтыға өз елімізде құйылады

QazVak вакцинасы құтыға өз елімізде құйылады

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина қыркүйек айынан бастап Жамбылдағы зауытта құйыла бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері сынақтан өтіп жатыр. Ойдағыдай болса, технологиялық жағдайы тексеріледі. Одан кейін Білім және ғылым минстрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінен GMP талаптарына сай келетіні туралы сертификат алуы қажет. Ол үшін кемі 1,5 ай керек. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, зауыттың құрылысының негізгі жұмыстары аяқталды. Қажетті құрылғының 99%-і жеткізілген.