Венгрия Қазақстанда шығарылған вакцинаны мойындады

Венгрия Қазақстанда шығарылған вакцинаны мойындады

Венгрия – біздің елде шығарылған коронавирусқа қарсы вакцинаны мойындаған Кәрі құрлықтағы алғашқы мемлекет.

Сол елдегі елшіміз Жәнібек Әбдірашов Венгрия мемлекеттік хатшысының орынбасары Андраш Баранимен кездесіп, екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын өзара тану туралы ноталармен алмасты. Енді QazVac салдырған отандастарымыз Венгрияға еш алаңсыз бара алады. Ондағылар ПТР анықтамасын талап етпейді.