«Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада полиция күніне орай «Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Қатысушылардан 32 шығарма келіп түскен. Байқауды ішкі істер министрлігі алғаш рет ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты детектив жанрын қайта жандандырып, полицейлердің қызметі туралы романдар мен шығармалар санын арттыру. Еліміздегі тұңғыш қазақ детектив жазушысы Кемел Тоқаев екенін айта кетейік.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

- Әділ қазылар құрамына еліміздің белгілі жазушылары, өнерге еңбегі сіңген қайраткерлер кірді. Себебі бірінші байқауымыз жоғары деңгейде өткенін қаладық. Енді осындай байқау жыл сайын өтетін болады.

Алпысбай Хонж, қаламгер:

- Байқаудың талаптары оңай болған жоқ, себебі бұл жерде поэзия емес, өлең түрінде емес, бұл жерде повесть немесе роман жазу. Ол кәдімгі қаламгердің барлық шаруаны сырып қойып, осыған арнайы уақыт бөліп, психологиялық дайындық жасауы. Байқаудың шарты бойынша повестердің көлемі 50-60 беттен кем болмауы керек.