424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аудан әкімі орынбасары екпе алғандарға өз қаражаты есебінен сыйлық таратқан

  • 220
  • UPD: 14:10, 24.06.2021
Аудан әкімі орынбасары екпе алғандарға өз қаражаты есебінен сыйлық таратқан

Ақмола облысында халықтың 18 проценті ғана екпе салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткішті арттыру үшін өңірде вакцина алуға ынталандыру жұмысы жүріп жатыр. Кейбір мекемеде екпе алған жұмысшыларға бір күн демалыс берілсе, енді бірінде сыйлық таратылуда. Мәселен, Жақсы және Атбасар аудандарында вакцина салдырған теміржолшылар бір күндік ақылы демалысқа шығады. Ал Бұланды ауданы мен Степногорск қаласында екпе алғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысына бір күн қосылады. Ал Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары болса, бірнеше ауылда вакцинацияға қатысқан тұрғындарға өз қаражаты есебінен сыйлық таратқан. Облыс бойынша 131 жерде екпе бекеті бар. Ал бүгінге дейін 95 мыңға жуық адам вацина салдырды.

Нариман Сыздықов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Мына нәрсеге айрықша назар аудартқымыз келеді. Вакцинация – қазір коронавирустың алдын алу үшін ең басты амал болып тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын жалғыз жол – осы. Ал «екпе денсаулыққа кері әсер етеді» деген әңгіме ғылыммен дәлелденбеген. Яғни шындыққа жанаспайды.

Хабар 24 телеарнасы