Мәжіліс депутаттары ауылдарды аралайды

Жаз кезінде Мәжіліс депутаттары ауыл-ауылды аралап, халықпен кездесулер өткізеді.

Олар өңірлердегі өзекті мәселелерді анықтап, жедел түрде шешу жолдарын ұсынуы тиіс. Бүгін парламенттің кіші палатасында Nur Otan партиясы фракциясының жиыны өтіп, сайлауалды бағдарламада айтылған мәселелерді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Палата спикері Нұрлан Нығматулин жұртты алаңдатқан мәселелерді депутаттық сауалдар мен партияның қоғамдық кеңестерінің отырыстарында және Палата комитеттерінің іс-шараларында көтеруді тапсырды. Депуттар әрбір өңір бойынша бекітіліп, үйлестіруші топтар құрылды.