«Ashyq» қосымшасы: астанада төрт мыңнан астам адам үй карантинін бұзған

«Ashyq» қосымшасы: астанада төрт мыңнан астам адам үй карантинін бұзған

«Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандарда 5 сәуір мен 28 маусым аралығында 4039 адам үй карантинін бұзғаны анықталды, оның ішінде 1888 науқас және 2151 байланыста болған адам бар.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сархат Бейсенованың айтуынша, 11-28 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 адам анықталды (жұқтырғандар, яғни «қызыл» статусы бар 247 адам, ал жақын байланыста болғандар, яғни «сары» статусы бар 244 адам).

«Департамент тәртіп бұзушылардың үй карантиніндегі уақытын анықтау жұмысын жүргізуді бастады. Аумақтық басқармалар санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізу туралы 23 қаулы тапсырды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді», - деп мәлімдеді Сархат Бейсенова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер құқықбұзушылардың басым бөлігі нысандарда анықталғанын хабарлады. Тиісінше науқастардың ең көп саны да сол орындарда тіркеледі. Есіл ауданында – 33%, Алматы ауданында – 30%, Сарыарқа ауданында – 22% және Байқоңыр ауданында – 15%.