424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төлқұжаты жоқ қазақстандықтар вакцинадан қағылады

  • 113
  • UPD: 15:20, 29.06.2021
Төлқұжаты жоқ қазақстандықтар вакцинадан қағылады

Төлқұжаты жоқ қазақстандықтар елдегі эпидахуал бойынша статистикалық зерттеуде қамтылмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы жылдың қыркүйегінен бері құжатсыз жүрген 4 686 азамат анықталды. Дені Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Бүгінде 1278-нің азаматтығы расталып, құжаттары рәсімделіп жатыр. Қалғаны төлқұжат алып үлгерді. Ішкі істер министрлігі көші-қон комитетінің басшысы хабарлағандай, төлқұжаты жоқ азаматтар өздеріне тиісті мемлекеттік қызметке қол жеткізе алмайды. Яғни, жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, білім алу, еңбекпен қамту және медициналық көмек алу қиынға соқпақ. Сонымен бірге мұндай жандардың коронавирусқа қарсы вакцина алуға мүмкіндігі де жоқ.

Хабар 24 телеарнасы