Жаңаөзенде шаңды дауыл соқты

Жаңаөзенде шаңды дауыл соқты

Бүгін Жаңаөзенде шаңды дауыл тұрып, соңы нөсер жауынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі сәтте қала көшелерін судан құрғату жұмыстары жүріп жатыр. Дауылдан зардап шеккендер жайлы әзірге мәлімет жоқ. Cиноптиктер Маңғыстау облысында шаңды дауыл мен дала өрті болуы мүмкін екенін күні бұрын ескерткен еді.