«Dombra party» күйшілердің басын қосты

«Dombra party» күйшілердің басын қосты

Елорданың Арбаты бүгін күй алаңына айналды. Домбыраның құлағында ойнайтын жастар «Dombra party-да» бірігіп, қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Өнегелі шараға «Қазақстан жастары Конгресі» мен «Елбасы академиясы» мұрындық болды. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары дәулескер күйші, композиторлардың туындыларын орындады. Домбыраның қадір-қасиетін келтірген шара 2018 жылдан бастап дәстүрге айналған.

Әбдірахман Естайұлы, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті:

– Қазақтың бренді мен паспортына айналған қасиетті домбыраны өз замандастарымызға, соңымыздан ерген інілерімізге насихаттап жүргеніме қуанамын. Біз Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» сияқты күйлерін ойнаймыз.