Күйшілік – киелі өнер

«Домбыра – қазақтың қазынасы, ал күйшілік – киелі өнер», - дейді Түркістандық күйші Иманәлі Сайманов. Қасиетті қара домбыраға қаршадайынан құмартып, қос шектің қоңыр үніне елтіп өскен жігіт ағасы – қазір онға жуық күйдің авторы.

Иманәлі Амангелдіұлы күй арқылы кез келген адамды қуантуға да, мұңайтуға да болатынын айтады. «Күй – тыңдасаң сырласың, жыласаң жұбатушың» дейді. 1966 жылы киелі Отырар өңірінде дүниеге келген зерек ұл мектепті Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұратын нағашыларының қолында бітіріпті. Ұлттық аспап – домбыраны да алғаш нағашыларынан үйренген.

Иманәлі Сайманов, күйші-сазгер:

Нағашым домбыра, мондалин тартқан. Солардан келген шығар деп ойлаймын. Сол ауылда жүріп домбыраға деген әуестігім ашылды, сол жақта жүріп үйрендім. Елеуов деген кісі болған, оның Бағлан деген інісі бар, сол кісінің үйіне барып, үйрендім. Одан кейін Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық учелищесін 4 жыл оқып, бітірдім.

Бала күнінен ұлттық өнердің уызына жарып өскен ұл – келе-келе ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын болады. Қолы қалт еткенде тарихи орындарды аралап, рухани күш алады. Табиғат аясында тынығып, күй тартқанды жақсы көреді.

Дәулескер күйшілердің шығармаларын шебер орындап қана қоймай, өзі де «Желтоқсан», «Анашым», «Батырлар», «Аңырақай» сияқты бірнеше күй шығарып, оннан аса өлеңге ән жазды. Алайда, қайда барса да домбырасын қолынан тастамайтынын айтады.

Иманәлі Сайманов, күйші-сазгер:

Өзіміздің жұмысымыз осы болған соң, күнде домбырасыз тұра алмаймыз. Үйде де шайдың басында домбыра ұстап отырамыз, үйде домбыра көрінбей қалса, домбыра қайда кеткен деп іздеп тұрамыз. Сондай күйге түскенбіз, басқаларда да солай шығар деп ойлаймын. Әрбір қазақтың үйінде бір-бір домбыра ілініп тұру керек. Ол – дәстүріміз, ата-бабамыздан қалған мұра.

Қазір Иманәлі Амангелдіұлы Түркістандағы қазақ-түрік университетінде студенттерге күй өнерінен дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеуде. Ұлттық өнер балаға – ұлттық аспап арқылы берілетінін терең сезінген ұстаз - ұлттық өнерді ұлықтап, халықтың қазынасын насихаттауға біржола бас қойған. Ол еңбегін өнердегі әріптестері де жоғары бағалап, құрмет тұтады.

Жанар Жұмабекова, Сауран аудандық мәдениет бөлімінің басшысы:

– Рухани қаламыздың гүлденуіне, оның ішінде өнерін ерекше дамытуға, ұмытылып бара жатқан құндылықтарымызды қайтадан жаңғыртуға үлесін қосып жүрген азамат ретінде бағалай отырып, күйші ретінде орны біз үшін ерекше. Өзі қарапайым, өнерге жанашыр, рухани құндылықтарды бағалайтын азамат ретінде мен өзім бағалаймын.

Иманәлі Саймановтың ендігі арманы – бабадан қалған асыл өнерді ұрпаққа ұлықтап, жастардың бойына сіңіру.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашбекұлы

((ДӘУРЕН НҰРАЛИНОВ "QAZAQSTAN BARYSY" АТАНДЫ

ГЕО: НҰР-СҰЛТАН))

Шығыс қазақстандық Дәурен Нұралинов "Қазақстан Барысы" атанды. Оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирде жаңа чемпионы шықты. Дәурен Нұралинов финалда жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайды жеңді. Қарсыластар негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. "Белдесу" сайысында Дәурен басым түсті. "Қазақстан барысы" атанған балуан 25 млн теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Алтын белбеу мен ауыспалы «тайтұяқ» та табысталды. Күміс белбеулі Ғалымжан Қырықбайға 5 млн 500 мың теңге бұйырды. Қола жүлдегер Нұрдәулет Жарылғапов 1 млн 800 мың теңге еншіледі. Маңғыстау жігіті үшінші орын үшін өткен бәсекеде Еламан Ерғалиевтен айласын асырды. 