Ұлытау ауданындағы өрт кезінде адамның нақты неден көз жұмғаны белгісіз

Ұлытау ауданындағы өрт кезінде адамның нақты неден көз жұмғаны белгісіз

Ұлытау ауданында өрттің 12 ошағы анықталды. Тілсіз жаудың тұтануына ауа райының тым ыстық болғаны себеп болуы мүмкін. Ал қаза болған адамның нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

Ұлытауда дала өрті салдарынан 1 ер адам қаза тауып, 200-ден астам мал қырылып қалған. Осы оқиғаға байланысты Ақтасты, Жангелді және Амангелді ауылдық округтерінде төтенше жағдай жарияланды. Соңғы ақпарат бойынша тілсіз жау 1 мың гектардан астам жерді шарпыған. Дала өртінен келген шығынды есептейтін мемлекеттік комиссия құрылды.

Серік Шайдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Шеңбер және Амангелді ауылдарындағы өрт жақын арада толық сөндіріледі. Ал Пионер бөлімі маңындағы өртке барлық күштік құрылымдар жеткізіледі. Қазір онда 256 адам мен еріктілер тартылған. Техника мен жанар-жағармай жеткілікті. Жезқазған мен Сәтпаев қалаларынан да көмек келеді. Тәулік бойы жұмыс істейміз.