Елордадағы аттракциондар жаңа қаулыға қарамастан жұмыс істеді

Елордада аттракциондардың жұмыс істеуіне уақытша тыйым салынған. Қаланың бас санитарлық дәрігері осындай қаулы шығарған еді. Бірақ саябақтағы кей пысықай мұны елемей жүр. Олар мереке кезінде де жұмыс істеулерін тоқтатқан жоқ.  

Орталық саябаққа бардық. Әдеттегідей қарақұрым адам жүр. Бірақ атракциондар жұмыс істемейді. Мынадай ленталармен орап тастаған. Біраз араладық. Бәлкім бәзбіреулер бұқпантайлап жүрген шығар дедік. Ережені елемей қойғандарды көз шалмады. Содан не керек, қаланың қақ ортасындағы мына парккке жол тарттық. Ал мұндағы көрініс мүлдем басқа. 

Камераны көрген бойда жанталасып жауып жатты. Келушілерден алған ақшаларын лезде қайтарып берді. Соларды сөзге тартып көріп едік, тілдеспей қойды.

- Партеріңіз істеп тұр ма, аттракциондар?

- Жо-жоқ...

- Сіздер ме мұнда істеп жатқан? 

- Үлкендерден кім бар?

- А?

- Үлкендерден кім бар? 

Демалыс күндері бұл кісілердің жұмысы қыз-қыз қайнайды. Бірақ санитарлық талаптың сақталуын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тамақтану орындарын жағалағыш мобильді топ өкілдерін де кезіктірмедік. 

- Біз сонау Арқалықтан келдік. Ал сіздер кіргізбейсіздер аттракциондарға! Балаларымызды қыдыртқымыз келеді. Неге сіздер жауып тастап жатсыздар?

- Мен бе жапқан? Бас санитардың қаулысы ғой.

- Ана жақта бір парктың ішінде сырғанайтын жер бар. Сол жақты ашып қоймайсыздар ма? Жартысы ашық, жартысы ашылмаған. Ашылғаннан кейін бәрін полностью ашу керек. 

Тұрғындардың қапалы болатын жөні бар. Аквапарктерді ашып қойған бас санитардың аттракциондарды жабудағы мақсаты не деді? Қисынға келмейді деп кейіп жатты. Иә, қаулы шығарды, ол күшіне де енді. Ал тәртіпті қадағалау қағажу қалған. 

Дастан Сейілханұлы, Асхат Қарақойшиев