БҚО-да карантин тағы күшейтіледі

БҚО-да карантин тағы күшейтіледі

Батыс Қазақстан облысында індет тағы да өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада коронавирус жұқтыру дерегі 41%-ке дейін өскен. Орал қаласы мен 7 аудан «қызыл аймақтар» қатарында. Өңірлік жедел штаб отырысында карантин талаптарын одан әрі күшейту ұсынылды. Саябақтар мен демалыс аймақтарында электромобиль, самокат сияқты құралдарды жалға беруге, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Сонымен қатар сауна, SPA-орталықтар мен бассейндердің қызмет көрсету уақыты қысқартылады. Қаулыға өзгерістерді 10 шілдеден бастап енгізу көзделген.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Алматы қаласына зертханаға жіберген пробаларымыздан 80%-і үнді штамы анықталып отыр. Сондықтан біздің облысымызда осы вирус циркуляциясы жүріп жатыр. Адамдардың тез ауыру фактілері көбеюі осы үнді штамына байланысты. Көбінесе аурулар қоғамдық көлікте жұқтырған деп табылады. Сонымен қатар үлкен сауда үйлерінде, базарларға баратын жерлерде.