Ақтауда коммуналдық мекеме жұмысшылары вакцина салдырды

Ақтауда коммуналдық мекеме жұмысшылары вакцина салдырды

Ақтауда коммуналдық мекеме жұмысшылары ұжым болып, індетке қарсы екпе салдырды. Вакцина алғандар арасында жас та, қарт та бар.

Осыған дейін 300-ге жуық көше сыпырушы мен авариялық-диспетчерлік қызметтің жұмысшылары екпе салдырған. Олар тұрғындарды вакцина қабылдауға шақырып, әлеуметтік желіге үндеу жариялаған.

- Біз өзіміз үшін вакцина алдық. Бірінші болып. Құдайға шүкір, жақсы өтті. Бәрін вакцина алуға шақырамын. «Қала жолдары» 100% вакцина алды.