Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан төмендейді?

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қыркүйекте төмендейді.

Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған құрылыс материалдары мен тұрғын үйдің қымбаттауын тежеуге байланысты қабылданған кешенді шаралар себеп. Жыл басында цемент, арматура, кірпіш, газды бетон бағасы кенеттен өсіп кетті. Салдарынан жаңа тұрғын үй қымбаттады. «Бірақ маусым-шілде айында баға тұрақталды. Енді менің жеке болжамым бойынша күзде тұрғын үй бағасы төмендейді», - дейді Қайырбек Өскенбаев.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

- Біздің болжам бойынша тұрғын үй бағасы маусым-шілде айларында тұрақтанды, бұған дейін болған баға өсімі зейнетақы жинағын баспана алуға рұқсат етілуімен байланысты. Бүгінде ол мәселе де бір ретке келді. Менің жеке болжамым бойынша алдағы қыркүйек айында тұрғын үй бағасының төмендеуі күтіледі.